ТАҒЗЫМ. «Жаңа қадам»

...1986 жыл. 17 желтоқсан. Алматы. Бұл — Совет өкiметiнің тұсында бұрын-соңды болмаған, Қазақ тарихындағы ең елеулі оқиға басталған күн! Мәскеуден саяси тәуелсіздікті талап еткен жастардың бейбіт шеруі ескен желдей жер-жерге тарап жатты. Отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйеге наразылық білдіріп, алаңға әділдік іздеп шыққан студенттер арандатушылардың құрығына ілінді. Бостандыққа, еркіндікке ұмтылғандар жазықсыз жалаға ұшырады. Зорлық пен қатыгездіктің құрбаны болып, қар жамылып, мұз жастанды. Бірақ мұның бірі де ел ертеңіне бей-жай қарамаған жастардың таңдауы мен талабына кедергі бола алмады. Ел Тәуелсіздігін бас бостандығынан жоғары қойған желтоқсаншыл жастар рух пен ардың символына айналды. Біз бүгін оларға алғыс айтып, өткенге тағзым ету үшін сол кездегі желтоқсаншыларды студиямызға зор құрметпен шақырып отырмыз.