«Шіркін, өмір» қысқаметражды фильмі

«Шіркін, өмір» деген атаумен қалың көрерменге жол тартатын қысқаметражды фильм адами құндылықтарды дәріптейді.
Шытырманға толы шығармаға жаныңдағы жандарға ұдайы жақсылық жасау, мейірім танытып, қамқор болу қасиеті арқау етілген. Түсірілімге кәсіби актерлерден бөлек, танымал тележүргізушілер және «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында емделіп жатқан бүлдіршіндер де қатысты.
Бұл – «Ел Арна» ұжымының алғашқы қысқаметражды туындысы.