«Көксерек» көркем фильмі: 20 қаңтар, 20:00

Көксерек – Мұхтар Әуезовтің осы аттас шығармасының желісімен 1973 жылы түсірілген көркем фильм. Тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеуде өтті. Фильмнің режиссері – Төлеміш Өкеев. Фильм 1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивалдің бірінші жүлдесіне ие болады.

Ата-анасынан ерте айырылған Құрмашты ағасы Аханқұл бауырына басады. Фильмде Құрмаштың көрген қиындықтары, оның ағасы Аханкұлдың қаталдығы, әжесінің мейірімі, Құрмашқа пана болған Хасеннің тағдыры айқын бейнеленген. Фильмнің бас кейіпкері Құрмаш қасқыр бөлтірігін асырап, оған «Көксерек» деп ат қояды.

Күшік шамалы есейген соң ауылдың маңына келген өз қандастары – қасқырлардың исін сезіп, солармен бірге жоғалып кетеді. Фильм соңында Құрмаш қайтыс болады, ол өзі баққан Көксерек бөлтіріктің талауында қалады.