«Бажалар» телехикаясы: күн сайын, 15:00

Еліміздің әр өңірінде туып-өскен төрт бажаның тағдыры бір отбасында тоғысады. Олар айрылмастай дос, туған бауырдай тату.

Қайын ата лауазымы жоғары қызметкер. Көргені мен түйгені көп, байсалды, міншіл әрі қатал. Төрт қыздың әкесі мұрагер болар ұлдың жоқтығына қапалы. Күйеу балаларына қызғанышпен қарайтыны да сондықтан.

Ал төрт бажа өмірлеріне дән ырза. Бір-бірін қолдаудан қашпайды. Бірге қыдырады, бірге тамақтанады. Түрлі мәселелерді де біріге отырып шешеді.

Олардың жүріс-тұрыстарына атасының көңілі толмайды. Бірақ қыздары үшін ол еріксіз бәріне көнуге мәжбүр.