«Қария» телехикаясы: сәрсенбі-жексенбі, 14:30

Әке мен бала арасындағы дау – бұрыннан келе жатқан мәселе. Бірақ оның соңы әрдайым бейбіт шешімге ұласатын. Заманауи өмір бұл дауға жаңаша сұрқай реңк енгізді. Сериал сюжеті Алматыдағы Қарттар үйінде өрбиді. Басты рөлдегі Әбілғазы келінімен ұрысып қалып, амалсыздан осы жерге келеді. Туған ұлы даудың алдын алудың орнына қарт әкесінен құтылудың амалын іздейді. Жаңа үйде ақсақал ауыр жағдайларға тап болады. Себебі бұл жердің де өзіндік ережелері бар. Қатаң әрі адамгершіліктен тыс. Бұл ережелерді мекеменің директоры – қолында билігі бар және дөрекі әйел бекіткен. Бас кейіпкердің хикаясымен қатар Қарттар үйінің өзге де тұрғындарының өмірі жайлы баяндалады.