«Даладағы қуғын» көркем фильмі: 18 сәуір, 20:00

«Бандыны қуған Хамит» немесе «Даладағы қуғын» – 1979 жылы Сәкен Сейфуллиннің осы аттас шығармасының желісімен «Қазақфильм» киностудисы түсірген фильм. Қоюшы режиссері — Абдолла Қарсақбаев. Кеңес үкіметі орнаған алғашқы жылдары қазақ даласында болған оқиғаларды баяндайды. Қызыл әскер Хамит дала батыры Құдірені қолға түсіруге тапсырма алады. Тек фильмнің соңында ғана мақсатына жетеді. Бірақ тірідей қолға түсіре алмайды, тек қашып бара жатқан жерінде атып құлатады.