Ашық көрсетілім Балалық шағымның аспаны

«Ашық көрсетілім». Рүстем Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильмі

«Балалық шағымның аспаны» – 2011 жылғы режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі. 
«Ашық көрсетілімнің» бұл шығарылымында кинотуындының продюсері Тасболат Мерекенов түсірілімнің қалай өткені жайлы баяндайды. Киносыншы Гүлзат Көбек фильмге кәсіби талдау жасайды. Ал тележүргізуші әрі актриса Майя Веронская неміс тілінің оқытушысы Вероника Гербертовнаның рөлін сомдауға қалай дайындалғаны жайлы айтып, түсірілім барысындағы қызық естеліктерімен бөліседі.