ЕЛ АРНА арнасы «Ерке Есілдің самалы» тақырыбындағы ең үздік қысқаметражды сценарийлерді анықтады

Алғашқы отандық кино арнасы саналатын ЕЛ АРНА 2 жылдық мерейтойына орай қысқаметражды көркем фильмдер сценарийіне байқау жариялаған болатын. «Ерке Есілдің самалы» тақырыбы негізінде өткен байқауға 25-ке жуық іріктелген. Осы іс-шара аясында «Хабар» арнасының «Таңғы Хабар» бағдарламасында ЕЛ АРНА телеарнасының продюсері Мөлдір Мырзақасымова және аталмыш байқаудың жеңімпаздары актерлер Нарқыз Тамабай, Мадияр Жақып және ақын, композитор Расул Ерназаров сұхбат береді.