XV халықаралық «Еуразия» кинофестивалі: қызыл кілемнен жүріп өту рәсімі

30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада XV халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді.

Ауқымды шара аясында түрлі ақпараттық-білім бағдарламалары ұсынылады және кинолар көрсетіледі.

Байқауға Қытай, Франция, Ресей, Македония, Италия, Аустралия сынды елдердің үздік туындылары енген. Ал Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Жапония елдері қысқа метражды фильмдер бәсекесінде бақ сынайды. Айта кету керек, отандық туындылар екі байқауда да бой көрсетеді.

Биылғы кинофестивальдің тағы бір ерекшелігі, голливуд компанияларының өкілдері келіп отыр. LIONSGATE, NBC Universal Warner Horizon The Discovery және өзге де кинокомпаниялардың продюсерлерімен Қазақстанда фильм түсіруге келісім орнауы мүмкін.