«Ел Арна» Латвия кинематографиясының жауһар туындыларын қазақ тілінде көрсетеді

«Ел Арна» ұсынады! Балтық жағалауының інжу маржаны – Латвияға киносаяхат. Әйгілі Эйзенштейн туылған көне шаһар Ригадағы шытырман оқиғалар. Музыканы шексіз сүйетін жандардың романтикаға толы хикаялары. Алғаш рет «Ел Арнаның» эфирінде Латвия кинематографиясының жауһар туындылары, заманауи киноленталар, халықаралық фестивальдерде марапатталған үздік картиналар қазақ тілінде көрсетіледі.
Желтоқсанның 24-30 аралығында Латыш киносының апталығы.