Uakyt kyskametrazhdy filmi

«Уақыт» қысқаметражды фильмі

Телеарнадағы ұжымның шығармашылық жұмысы, әріптестер арасындағы әзіл-қалжың, бірін-бірі ұнатқан жандардың сезім иірімдері, үлкен жобаға талас, дайындық, жеке бас мақсаты үшін тәуекелге барып, қиянат жасауға итермелеген оқиғаларды қамтитын қысқаметражды көркем фильм. Сонымен қатар жоқ іздеген, мақсат көздеген жеке тұлғалардың тағдырынан сыр тартып, қателіктерге бой алдырған шарасыз жандардың іс-әрекеттері.

«Уақыт» қысқаметражды көркем фильмі адам өміріндегі сәтсіздіктерді, шалыс қадамдарды көрсете отырып, оның өткен күнде қалғанын, кейбір қателіктердің кейде кешірілмейтінін және ақыр соңында түсініп, бәрін орнына келтіруге бет бұратын уақытқа екпін береді.