Астанада алғаш рет қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті

Позитив жанрындағы көркем туындылар бәсекесінің тақырыбы – «Астана аспаны» деп аталады. Ұйымдастырушылар еліміздегі 10 жас режиссерді таңдап алып, оларға 10-14 минуттық фильмдер түсіруге тапсырма берген.

Елорданың 20 жылдығына арналған кинокартиналарға отандық актерлерден бөлек, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Украина елінің тәжірибелі кино шеберлері де түсіпті.

Кинофестивалдің «Позитив» атануы да тегін емес. Кинотуындылар негізінен комедиялық драма жанрында түсірілген.

Фестивалдің мақсаты – отандық талантты жастарға жол ашу, жаңа есімдерді анықтау.