Мейірғат Амангелдин

Жас актер Мейірғат Амангелдин асқақ армандарымен бөлісті

Астанадағы Жастар театрының сахнасында өнер көрсетіп жүрген актердің кинематографияда жасаған алғашқы қадамы режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы» тарихи дастанынан басталады.

Тарихта ойып тұрып орын алатын тұлға Қасым ханның әлі таққа отырмаған сұлтан кезін сомдауға бекітілгеннен кейін актердің қуанышы мен қобалжуы қатар болған. Сан алуан сезімнің арасында өзіне деген сенімсіздік те жоқ емес.

Алайда ол көңіліндегі күдікті «Қасым ханның қасқа жолы» туралы құнды мәліметтер іздеп, кейіпкерінің болмысын зерттеумен жеңеді.

«Ел Арнаның» шығармашылық тобымен кездесуінде көпшіліктің көзайымына айналған жас актер өзінің асқақ армандарымен де бөлісті.