Телеарна туралы

«Хабар» Агенттігінің медиаресурсы «El Arna» телеарнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 24 сағат хабар таратады.

«EL ARNA» телеарнасының басты миссиясы – қазіргі қоғамның тілінде сөйлейтін, заманауи тақырыптар төңірегінде ой қозғайтын, жастардың сұранысына жауап беретін, сондай-ақ ойлы әрі көңілді көрермен қалыптастыратын контент ұсыну. Телеарна эфирінің басты құндылығы – отандық киногерлер жасаған классикалық және заманауи ленталар,телехикаялар мен деректі фильмдер қоры. Сондай-ақ жастарға қызықты болатын ойын-сауық жанрындағы бағдарламалар, ток-шоу, подкаст, танымдық жобалар қалың көпшілікке ұсынылуда.

«El Arna» телеарнасы 2000 жылдың 22 наурызында іске қосылған. Республика аумағында міндетті түрде таралуы тиіс теле және радиоарналардың тізіміне кіреді.