Бағдарлама арнайы екі топ үшін құрылған екі үстел мен ортадағы кішкентай сахна және үлкен экранмен жасақталған арнайы студияда түсіріледі. Әр топта жүргізушілерді қосқанда төрт адамнан болады. Қойылатын сұрақтар қарама-қайшы, яғни жігіттерге қыздар білетін, қыздарға жігіттер білетін сұрақтар қойылады. Мысалы, қыздарға көліктер туралы болса, жігіттерге косметика туралы болмақ. Әр ойында ұпай саны есептеліп, соңында жеңімпаз анықталады. Жеңілген топ ән айтып, би билеп жеңгендердің көңілін көтерулері тиіс.