Қазақстанның медиакеңістігінде тек қана жастардың пікір алмасу алаңын ұсынатын телебағдарлама жоқ. Бұл жоба өскелең ұрпақтың әлеуметтік, саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді талқылайтын алаңға айналмақ. Сондай-ақ технологиялар мен коммуникациялар дамыған заманда жастардың арасында пікірталас жүргізе білу мен мемлекеттік деңгейде мәселелерді талқылау мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. Жастарға қатысты көптеген тақырыптар бар. Жастардың саяси белсенділігінен бастап, нашақорлық, отбасы, жақсы орта іздеу, баспана, ғылым, жұмысқа орналасу, бала тәрбиесі, бизнес, қоғамның басқа да өзекті мәселелерін жастардың өздері талқылайды.