«Түрлі дәм» - қазақтың аз ғана өнім түрінен сан алуан тағамдар дайындап, олардың сапасын, пайдалы қасиеттерін, дәмін сақтай отырып өңдеуді шебер меңгергенін аңғартатын танымдық бағдарлама.
Халқымыздың айтарлықтай бай, үйлесімді, берекелі ұлттық асханасын құрайтын тағамдар дайындап, олардың шығу тарихымен таныстырамыз.
Ұлттық асханамыздың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан түрлі дәмдерінің дайындалу әдістерімен таза ауа, табиғат аясында таныстырамыз.