Amanat

«Ашық көрсетілім». Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» фильмі

«Аманат» – Сатыбалды Нарымбетовтің фильмі. Басты рөлдерді Санжар Мәдиев пен Берік Айтжанов сомдады. Фильм нақты тарихи оқиғаларға негізделген.

Фильмнің басты кейіпкері – ХІХ ғасырдағы қазақтардың Ресей империясына қарсы күресін ұйымдастырған қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы. Фильмде онымен қоса Бұқарбай батыр сияқты ханның сенімді серіктерінің өмірі көрсетілген. Сондай-ақ ХХ ғасырдағы Кенесары хан туралы зерттеу жүргізген Ермұхан Бекмаханов өміріне саяхат жасауға болады.