«Гауһартас» / 23 сентября / 20:00
Қарапайым шаруа шаңырағына бойжеткен Салтанат келін болып түседі. Шаруаның үлкен ұлы, белді шопан Тастанның жары атанған Салтанат жүрегі мейірімге толы жан. Салтанат келін болғалы бері, ол шаңыраққа мейірім мен жылулық сәулесі төгіледі. Салтанаттың жібек мінезіне ата-енесі де дән риза болады. Қайыркен де жеңгесіне еркелеп, онымен жақсы дос болады. Тек мінезі ауыр Тастан ғана Салтанатқа қатаң қарайды. Ер-азаматының мейіріміне бөлене алмаған Салтанат ауыр дертке шалдығады.
- Опубликовано в Пятница
- Станьте первым комментатором!