Интернет-алаяқтарға алданба! «100 кеңес»

Ақпарат әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Жұмыс та онлайн, қылмыс та онлайн. Әккі алаяқтардың дәурені жүріп тұр қазір. Азды көп, жоқты бар етсем деп отырған аңқау халық адал ақшасынан айырылып, қалтасы қағылып жүр. Интернет-алаяқтық – күн тәртібіндегі басты қылмыс түріне айналды. Қайтпек керек?! Құлақ түріңіз!