Өз бизнесіңді қорға! | 100 кеңес

Олар Үкіметтен қаражат, басқа да материалдық көмектер сұрамайды. Өздеріне де, қоғамға да пайдалы іспен айналысып, еңбек еткісі, шағын өндірісі мен бизнесін алаңсыз жүргізгісі келеді. Солай істейін десе әртүрлі әкімшілік кедергілерге ұрынып қала береді. Сөйтіп, тауы шағылады. Заңсыз тексерулер Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуын тежеп жүргелі қашан?!! Олардан өз бизнесіңді қалай қорғау керек? Тексерушілер келсе нені біліп, ескерген жөн? Кәсіпкерлер құқығы бұзылған жағдайда мемлекеттік органдардан басқа қайда хабарласуға болады? Анығын айтамыз.