КӨЗСІЗ БАТЫР. «Жаңа қадам»

Олар қолына найза алып, дұшпанға қарсы аттанған жоқ. Бірақ, дер кезінде ерік-жігерін бойға жинап, өзге адамдардың өмірін сақтай алды. Сын сағатта тосырқамады, қорқынышқа бойұсынбады. Сол үшін де олар біздің батырларымыз. Әр күнінде жанкештілікпен өзгенің өміріне араша болып жүрген құтқарушы мамандардың әр басқан қадамы - қауіпке, әр секунды - жауапкершілікке толы. Бүгінгі бағдарлама біздің заманымыздың батырларына арналмақ.