Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылаған» фильмі. «Ашық көрсетілім»

«Қыз жылаған» фильмі Роза Мұқанованың повестінің желісі бойынша түсірілген.

Фильм сюжетінің орын алған жері, құпия құжаттарда Дегелең №27 деген атпен көрсетілген алыс бір ауыл. Оқиға 20 ғасырдың 60 жылдарында өрбиді.

Жердің бір түбінде бәрінен тыс қалған бұл ауылдың тұрғындары радияцияның не екенінен, ядролық сынақтың не екендігінен мүлдем хабарлары жоқ. Ауыл балалары әр жарылған бомбадан соң пайда болған, аспанға қарай төгілген үлкен саңырауқұлақты көріп мәз болады. Олардың түсінігінде айналасындағы адамдар не себептен ерете өліп жатқаны, олар не себептен ауырып қалып жатқандары туралы еш хабар жоқ.

Ләйлә да сол балалар секілді осы ауылда туып өскен. Оның бес жасында белгісіз аурудан әкесі дүние салады, сосын анасынан айырылады. Қызды әкесінің қарындасы Қатира тәтесі асырап алады...

Фильмнің түсірілімі жайлы туралы толығырық «Ашық көрсетілім» бағдарламасынан көре аласыз.