«Инстаграмдағы конкурстар». «Freshman»

"Инстаграмдағы конкурстар" - қазіргі уақытта инстаграм желісіндегі белсенділер әртүрлі конкурстарды жиі ұйымдастырады. Оған қатысушылар да аз емес. Дегенмен, миллионман бір адамға ғана бұйыратын жүлдеден үміт аз. Соған қарамастан, бұл іске келгенде біздің қоғам өте белсенді болып тұр. Бағдарламаға келген сарапшылар, оның ішінде салық комитетінің өкілдері заң жүзінде пікір білдіріп, жаңа шыққан ережелер мен тәртіпті сөз етеді. Бағдарлама қатысушылары: Қайрат Тұрымбетов - Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі; Жәмилә Талғатқызы - СММ менеджер; Әзімбек Байлин - Әнші, «Алашұлы» тобының мүшесі; Бота Қасымбек - Конкурстарға сенбейді; Гүлзат Өтемісқызы - Блогер, онлайн кәсіпкер; Қуаныш Әшірбайұлы - Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі; Бану Мансұрова - Спортшы, лотереядан көлік ұтты. #Еларна #Freshman #инстаграмдағыконкурстар