«Labs.kz». Адам генетикасы

Адамның сан алуан қабілеттері, мәселен, музыкаға немесе математикаға бейімділігі тұқым қуалау факторларына байланысты екені генеалогиялық әдіс бойынша дәлелденіп отыр. Музыкалық талант ұрпақтан ұрпаққа берілетінін айғақтайтын деректер де жетерлік. Осы орайда, Бах музыканттар династиясын атап өтуге болады. Адам генетикасының ерекшеліктері, қазақ халқының генетикалық қалыптасу тарихы, ал бастысы, осы бағытта биік белестерді бағындырып жүрген жас ғалымдардың еңбегі туралы «Labs.kz» бағдарламасынан біле аласыздар.