Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі. «Өміршең өнер туындылары»

Әлем бойынша музыкалық аспаптарға арналған музейлердің бірі саналатын Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі 1981 жылы ашылып, 1990 жылы музейге Ықылас Дүкенұлы есімі берілді. Музейде қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарымен қатар әлемнің 50-ге жуық елінің мәдениетімен таныстыратын 9 экспозициялық зал жұмыс істейді. Музейге келушілерді әр экспонат жайында толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, музей залдары 2 ақпараттық киосктар және бейне контенттік проекторлармен жабдықталды.

Бағдарламаға қатысушы: Нұрлы Ибадулина - Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің бөлім жетекшісі.