«Кино өнері». «Алтыншы бекет» фильмінің түсірілім барысы
«Аю синема» кинокомпаниясы «Хабар» Агенттігімен» және Қазақстан Ұлттық Ұланымен серіктесе отырып, «Алтыншы бекет» көркем фильмін түсірді. Бұл картина алғаш «Қашу» деген уақытша атаумен түсірілді.
«Алтыншы бекет» Қазақстан Ұлттық Ұланы жауынгерлерінің ерлігі мен қайсарлығын дәріптейтін фильм. Бұл 2010 жылы Ақтау қаласында болған шынайы оқиға. 20 шақты қылмыскер сол қалада орналасқан қатаң тәртіпті колониядан қашып кетуге бел буады. Көркем фильмнің оқиға желісіне Ұлттық Ұланның қатардағы жауынгері Ербол Отарбаевтың жан қиярлық ерлігі арқау болған. №6 бекетті күзетіп тұрған сақшы түрмеден қашпақ болған қылмыскерлердің жолын кесуге жалғыз ұмтылады.
Фильмдегі бас кейіпкердің түр-тұлғасы – Ербол Отарбаев. Ал оның ролін жас актер Санұржан Сүлейменов сомдады.