«Кино өнері». «Ер азаматтың санасына жеткізу» көркем фильмі
«Ер азаматтың санасына жеткізу» режиссер Самал Смағұлованың көркем фильмі. Бұл фильмнің ерекшелігі - түсірілім тобының барлығы дерлік нәзік жандылардан құралған. Тек техникалық басқарманы құрайтын оператор мен дыбыс режиссері ғана ер азаматтар.
Әдетте нәзік жандылар ер азаматтарға қандай кінә тағады? Олардың түсінігінше, еркексымақ деген кім? Ал әйелдер киносы қандай болады? Бұл сұрақтың жауабын «Ер азаматтың санасына жеткізу» көркем фильмінен білуге болады.