«Кино өнері». Толықметрлі анимациялық фильмдер
Балалық шақ. Адамның өміріндегі ең керемет кезең. Оған дау жоқ. Бірақ сол кезеңдегі ең қызық нәрсе не еді? Әрине, мультфильмдер. Ол мифтер, ертегілер, аңыздар мен мысалдар араласып жатқан ғажап әлем. Мультипликация жылдан-жылға дамып, оны жасаудың әртүрлі техникалары пайда болды. Ең көне түрлерінің бірі – әр кадрдың суреті жеке салынатын суретті анимация. Сондай-ақ мультфильм өндірісінде қуыршақтар, пластилин мен құм өнімдері пайдаланылады. Бүгінде компьютерлік графикаға негізделген анимациялық фильмдер кең тарап отыр. Олардың кадрлары арнайы компьютерлік бағдарламамен жасалады.