«Кино өнері». Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының «Кино және телевизия» факультеті
Фильм дегеніміз – қуаныш пен қайғы, күлкі мен көз жасы, өмір мен ажал, махаббат пен ғадауат. Ал режиссер – осындай жан толғаныстарын жеп-жеңіл жөнге салып отыратын сиқыршы. Ал мұндай сиқыршылықты қайда үйретеді дейсіз бе? Т.Жүргенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының режиссерлік факультетінде үйретеді екен.
Кино түсіріп, оның мағынасын камера объективі арқылы жеткізу оңай шаруа емес. Ал студенттік кино жұмыстар толықметрлі фильм түсіру жолында жасалған алғашқы қадамдар. Тек мұндай фильмдерді жүрдім-бардым қарауды әдетке айналдыруға болмайды. Кейде олар киноөнерінің нағыз жауһарына айналады.