«Кино өнері». «Құдалар» көркем фильмінің түсірілім алаңы
Комедиялық фильмдерге түсіп, оған сценарий жазу маңызды шаруа. Комедияның өз ережесі, өз ырғағы, өз екпіні бар. Егер соны бұзып алса, әзіл-қалжыңның ізі де қалмауы мүмкін. Сол себепті комедия – сценарий жазушыдан, актердан, режиссердан ерекше дағдылар мен айна-тәсілдерді талап ететін өте ауыр жанр.
Нұртас Адамбай болса, осы кірпияз да, қиын жанрдың тілін тапқан санаулы адамдардың бірі. Нұртастың сыры – шығармашылық жолын Көңілді тапқырлар клубының бастауында жатыр. Ол әзіл-қалжыңның әліпбиін сол жерден меңгерді. Ол кештер мен комедиялық фильмдерге түсіп қана қоймайды, солардың сценарийін де жазады. Бүгінде өзі ойнайтын фильмдердің продюсері әрі режиссері болып бағын сынап жүр.
«Құдалар» фильмі де қалыпқа сыймайтын, өмірге деген кереғар көзқарастан шыққан. Бұл бір-бірін жақсы көретін, үнемі ыдыс-аяғы сылдырлап жататын, шыққан тегін қадірлеп, балаларының бақытты болғанын тілейтін кәдімгі қазақы отбасы туралы фильм.