«Кино өнері». Бүгінгі француз киносы қандай?

Француз киносын жақсы көріп, қызыға тамашалауымыздың сыры неде? Біріншіден, Франция - кино өнерінің Отаны. Ойын-сауықтың өзіміз жақсы көретін осы түрін бұдан 100 жылдан аса уақыт бұрын ағайынды Люмьерлер дүниеге әкелген еді. Сөйтіп жалпы кинематограф емес, әлем кинематографиясының қызықты, адамды толқытатын құбылмалы бір саласы француз киносы пайда болды. Француз киносы өзінің қайталанбас стилін сақтап қалды. Француз киносы әлі күнге дейін драма мен нәзіктікке толы. Оған оқиға желісі мен шынайылығы тән.