«Кино өнері». Қысқаметрлі фильмдер байқауы

Қысқаметрлі кинолардың әлемде қаншалықты танымал екендігін дөп басып айту қиын. Себебі танымалдықтың деңгейін анықтайтын өлшем жоқ. Дегенмен, қысқаметрлі фильмдердің «Оскарға» ұсынылып, Берлинде, Каннда, Венецияда өтетін әлемдік дәрежедегі әйгілі фестивальдарды жеке байқаулық бағдарламамен көрсетілетіні нақты дерек. Қысқаметрлі көркем фильмдер өнердің ерекше бір түрі. Оның өзіне тән сипаты ретінде артық нәрсенің жоқтығын айтуға болады. Ықшам формат, әр кадр, әр сөзге мағына беруге итермелейді.