«Кино өнері». «Әміре» көркем фильмінің тұсаукесері
Тарих қойнауынан жеткен ескерткіштерді, ақын-жазушы, музыкант, әншілердің бізге қалдырып кеткен мол мұрасын ұмытуға болмайды. Осы жағынан алғанда қазақтың біртуар дарынды ұлы Әміре Қашаубаев туралы түсірілген «Әміре» көркем фильмі сол аты аңызға айналған тұлғаның өзін ғана емес, еліміздің тарихын да тереңірек танып-білуге көмектеседі.
Көптен күттірілген бұл туындының жарыққа шығуы кино өндірісі жаңалықтарын қадағалап жүретін жастардың ғана емес, ересектердің де қызығушылығын туғызды. Фильмнің өзі тенор Әміре Қашаубаевтың жарқын, бірақ жұмбақ жағдайда үзілген қысқа ғұмыры туралы баяндайды. 1925 жылы Парижде өткен дүниежүзілік байқауға қатысып, қазақтардың әншілік өнері мен ұлттық аспабы домбыраны күллі әлемге алғаш таныстырған дәл осы Әміре Қашаубаев еді. Сондықтан Әміре ел есінде мәңгі қалады.