«Кино өнері». «Шыңғыс ханның қызы» көркем фильмі қалай түсіріліп жатыр?

«Кино өнері». «Шыңғыс ханның қызы». Режиссер Ильхам Джалилов телеарна, музыка, кино саласында мол тәжірибе жинақтаған режиссер маман. Оның қазір жаңадан алған жобасы -  «Шыңғыс ханның қызы» көркем фильмі. Бұл  тарихи әрі комедиялық жанрда түсіріліп жатқан фильм. Көркем фильмнің  сценариін жазуға 2,5-3 ай уақыт кеткен көрінеді. Айта кететін жайт, Ильхам Джалилов фильмнің режиссері ғана емес, генераторы да өзі.  Динамикаға құрылған, қызықты оқиғаға толы киноға кәсіби актерлар ғана емес, қағілез, ширақ жан жануарлар да түсірілуде. Фильмнің оқиға желісі қызықты жайттарға әрі романтикаға толы болғандықтан, көрермен көңілінен шығары хақ.