«Олай емес». Театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов

«Олай емес» бағдарламасында театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов. «Сананы тұрмыс билейді» деген қағида бар. Тұрмысты жақсарту үшін сананы кейде оңға, не солға бұру керек. Жақтырмайтын, табиғатыңда жоқ нәрсеңді жасауың керек. Бірақ, құлқын үшін қуыс берді екен деп соның жолында, соның амалында кете беру, жетегінен шыға алмай қалу, барлық тәсіл орынды, бұның бәрі ақтауын табады деген дұрыс емес. Сананы тұрмыс үшін құрбан қылмау керек! Н. Жұманиязов