«Тағдырластар». Ғазиза Әбдінәбиева: Өмірге еркелеп келдім, еркелеп кетермін

«Өмірге еркелеп келдім, еркелеп кетермін. Елім, жұртым, киелі сахнам, бәрі-бәрі мені мәпеледі. Арманыма қанат бітірді. Образдарымның шынайы шығуына өзіндік үлес қосты», – дейді ҚР Еңбек сіңірген артисі Ғазиза Әбдінәбиева.

Қазақ өнері тағы бір саңлағынан айырылды. Театр мен кино саласының майталманы Ғазиза Әбдінәбиева 73 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.