Халық жадындағы ретро-әндер. «Qazaq Brand»

Өткен жылдардағы ғажайып сәттерге сағынышыңды оятатын сүйікті әуендер қашанда тыңдарман көңілін баурайды. Ретро әндер уақыт сынынан өткен музыкалық мұра, өнер жауһары екеніне еш күмән жоқ. Олардың қатарында белгілі кеңес және қазақ композиторлары Ескендір Хасанғалиевтің «Асыл арман», Шәмші Қалдаяқовтың «Студенттер әні», Төлеген Мұхамеджановтың «Вальс» әндері және Роза Бағланованың «Ах, Самара, городок» т.б. шығармалар мен халық әндері бар. 1. Света Айтбаева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері; 2. Майра Ілиясова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" орденінің иегері; 3. Сүндет Байғожин, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері; 4. Арайлым Рақымқызы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі; 5. Үмітжан Жұмақова, өнертану ғылымдарының докторы