DIANORA – «Әлия»
DIANORA – «Әлия»
Сөзі: Б. Тәжібаев
Әні: C. Бәйтереков
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
Аққу құстың бейне бір баласындай,
Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен.
Әлия – ару қызы сен халқымның,
Әлия – батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!
Әлия!
Саған белгі орнатқан мәрмәр тастан,
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.
Саған күнде жазылған көркем дастан,
Саған күнде құшағын көктем ашқан.
Әлия – ару қызы сен халқымның,
Әлия – батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!
Әлия! Шолпан жұлдыз өзіңсің шоқтай жарық,
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып.
Туған жердің төсінде мәңгілікке,
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.
Әлия – ару қызы сен халқымның,
Әлия – батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның! Әлия!