Аң стилі. «Qazaq Brand»

Ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі өнері».

Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте «Аң стилі» бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «Аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.

Спикерлер:

1. Ұлан Үмітқалиев - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің археология кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

2. Арман Құрманғалиев, ҚР Ұлттық музейі Археология және этнография бөлімінің кіші ғылыми қызметкері;

3. Данияр Дүйсенбай, археолог, PhD доктор,сақ дәуіріндегі қоныстар бойынша маман;

4. Бақытжан Үсенбеков, суретші-зергер;

5. Айсәнім Қастеева, дизайнер;

6. Айгерім Карибаева, суретші.