Париж және қазақтар. «Qazaq Brand»
О, Париж, Париж... Талай ақынның жырына арқау болған, киногерлерді шабыттандырған, суреткерлерді қанаттандырған әлемнің жұмбақ та таңғажайып шаһары. Сан мың жылдық тарихы бар дәл осы қала көшелерімен қазақтың біртуар перзенттері жүріп өткен. Жүріп қана қоймай, талғамы биік, таңдауы бөлек Кәрі құрлықтың өнер сүйер қауымын талантымен тәнті етіп, тамсандыра білген. Бағдарлама Әміренің Парижге сапары, Шоқаймен Парижде кездесуі, режиссер Нарымбетовтың Француз киноакадемиясының сыйлығын алуға барғаны, Париждегі Шоқай жатқан мазарға баруы, оны фильмге опера әншісі, Шоқайдың жары Горинаның баяндауымен арқау етуі туралы айтылып, DIOR-дың тұмарына айналған Алла Ильчунның сырға толы тағдырын баяндаумен аяқталады.
1. Құмарбек Қалқатаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, әнші, композитор;
2. Дәурен Дариябек, журналист, продюсер;
3. Әбдіжәлел Бәкіров, саясат ғылымдарының докторы, профессор;
4. Мақпал Мадиярова, өнертану магистрі;
5. Айнаш Есали, Қазақстан Журналистер одағының сыйлығының лауреаты, Қазақстан журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» жоғары жалпыұлттық журналистика сыйлығының иегері;
6. Клара Исабаева, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік музейі баспасөз орталығының жетекшісі, коллекционер;
7. Берлин Иришев, Франциядағы қазақтар қауымдастығының президенті, коллекционер.