«ЕЛ АРНА» телеарнасындағы қысқаметражды ойын фильмдер байқауы
Ақпарат:
Өткізу мерзімі: 1 маусым– 1 тамыз 2017 ж.
Дедлайн: 2 тамыз 2017 ж.
Өткізу орны: «ЕЛ АРНА» телеарнасы
Мекенжайы: Астана қ., Сарыарқа көшесі, 30\1
Телефон: 8 7172 70 10 97
E-mail: кері байланыс үлгісі www.elarna.kz сайтында берілген
Байқауға қатысу – тегін!
Шарттары:
Байқау «ЕЛ АРНА» телеарнасы көркемдік кеңес мүшелерінің фильмдерді таңдауы арқылы жүргізіледі. Ең үздік 6 жұмыс 2017 жылдың соңына дейін «ЕЛ АРНА» телеарнасының эфирінде көрсетіледі.
Байқаудың міндеттері:
- қазақстандық сценаристер,режиссерлер мен продюсерлердің «қысқа метр» жанрында түсірілген жұмыстарын көрермен назарына ұсынуға мүмкіндік беру;
- көрерменді «қысқа метр» жанрымен таныстыру;
- дебютанттарға қолдау көрсету.
Жанр:
- деректі кино: қысқа метр (жас санаттары: «К», «БА», «Б14»);
- ойын кино: қысқа метр (жас санаттары: «К», «БА», «Б14»).
Санаттар:
- Ойын қысқаметрлі фильм (30 минутқа дейін);
- Деректі қысқаметрлі фильм (15 минутқа дейін).
Құжаттар мен материалдар:
Бізге жолданатын материал (DVD, қатқыл диск, ftp, wetransfer арқылы жіберілетін) келесі ақпаратты қамтуы тиіс (маркермен белгілеу керек):
- фильмнің атауы;
- хронометражы;
- байланыс (телефон және e-mail).
Техникалық талаптар:
Бейне форматы: MP4, MOV, AVI, MXF.
Бейнедегі кадрдың көлемі: Full HD 1920 – 1080
Дыбысы: mp3 320 kB/sec 48000kHz/24bit, wav 48000kHz/24bit
Анкета:
Сценарист (Аты-жөні)
Қоюшы режиссер –(Аты-жөні)
Қоюшы оператор – (Аты -жөні)
Басты рөлдегілер (Аты-жөні)
Тұжырымдама (фильмнің басты тақырыбы)
Синопсис (фильмнің қысқаша мазмұны) –
Фильмнің жанры және мақсатты аудиториясы
Анкетаға қосымша*
*Фильмнің авторлары және басты рөлді сомдаушылардың қысқаша өмірбаяны