Абай – адамзат ақыл-парасатының бренді. «Qazaq Brand»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Бұл еңбектің негізгі идеясы – «Абай» сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігін көрсету, Абайды терең танып, шығармашылық мұрасын әлемдік деңгейде насихаттау және Қазақстанның бренді, символы ретінде жұртшылыққа кеңінен таныстыру. Ғылымды, мәдениет пен әдебиетті дамытуға зор үлес қосқан, бүкіл адамзатқа ортақ ойшыл ғұламалар еңбегі қандай рөл атқарса, Абай еңбектері де сол сияқты, ол ғаламдық құндылыққа айналатын алып тұлға деген сенім алға тартылады. Мысалы, Қытайда Лао-цзы мен Конфуций, Ресейде Достоевский мен Толстой, Францияда Вольтер мен Руссо. Ал қазақтардың мәдениетін, дәстүрін, бітім-болмысын Абай арқылы танытуға болады.
1. Алмахан Мұхаметқалиқызы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, абайтанушы;
2. Болат Бопайұлы, жазушы, этнограф;
3. Изатхан Медешева, тарих ғылымдарының кандидаты;
4. Меруерт Тілебалдиева, тарих ғылымдарының магистрі;
5. Оразалы Сәбден, Қазақстан Ғалымдар одағының Президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик, э.ғ.д., профессор.