Ұлттық ойындар. «Qazaq Brand»
Қазақта 150-ге тарта ұлттық ойындар барын біліп пе едіңіз?! Оларды зерттеген Е. Сағындықов, Ә. Диваев секілді ғалымдар ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, жануарлар дүниесі, аңшылыққа байланысты ойындар, дене шынықтыру спорт ойындары деп бөліп қарастырады. «Qazaq Brand» бағдарламасының кезекті шығарылымы тоғызқұмалақ, арқан тартыс, алты бақан, күрес, тымпи, асық сынды ойын түрлеріне арналады.
1. Рахат Жақсыбай ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры;
2.Жасұлан Әділбаев «Өркен» балалар мен жасөспірімдер орталығының асық ату ойындарының жаттықтырушысы;
3. Алтай Бимен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық және Ат спорты түрлері орталығының ұйымдастыру бөлімі басшысы;
4. Мақсат Шотаев, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының вице-президенті;
5. Нұркен Байбөриев - ҚР Ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы.