Жылқы мәдениеті. «Qazaq Brand»

«Ат – ер қанаты» деп ұғынатын қазақ халқының дүниетанымы мен тұрмыс салтында күнделікті шаруашылық өмірінде жылқының алар орны зор. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны айтылған. Оған тарихи дәлелдер жеткілікті. Қазақ пен жылқының жақындығы жөнінде көптеп айтылатыны да сондықтан. Ботай қонысының табылуы әлем назарын аударған оқиға болғаны талассыз шындық. Осы жерді б.з.д. ІV мыңжылдықта мекен еткен адамдар қамбар ата төлін алғаш рет қолға үйретіп, арбаға жеккені, бие байлап, қымыз ашытқаны археологиялық қазбалар арқылы дәлелденген.

1. Ерлан Қанапин, атбегі, «Астана-Көкпар» клубының аға жаттықтырушысы;

2. Ержан Жаубай, Атбегілік мәдениетін зерттеуші, «Арғымақ» ұлттық танымдық порталының бас редакторы;

3. Ұлан Үмітқалиев, тарих ғылымдарының докторы, профессор;

4. Бекен Қайратұлы, этнограф, «Қазақтың атбегілік өнері» кітабының авторы;

5. Алтай Бимен, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық және Ат спорты түрлері орталығының ұйымдастыру бөлімі басшысы.