Бала қауіпсіздігі – басты назарда болсын! «100 кеңес»
Бауыр етің, өмірдің мәні, көз қуанышымыз, болашағымыз – бала! Ата-ананың перзентіне деген мейірім-махаббаты өлшеуді талап етпейтін алып сезім. Десек те, қым-қуыт тірлікте күнкөрістің қамын күйттей жүріп, балғындарымызды тасада, қараусыз қалдырып... Салдары өкінішті оқиғаларға апарып жатқан жоқ па? Жоғалған бала, терезеден құлаған бала, суға батқан бала, педофильдың құрбаны – тағы да бала. Осындай жантүршігерлік оқиғаларды естігенде, еріксіз жағаңды ұстайсың. Қайтпек керек? Біз айтайық.