Ата-ана құқығынан айыру. Кім кінәлі? «100 кеңес»
Қазақ ұғымында «жетімдер үйі» деген атау болмаған. Жетімін де, жесірін де жылатпаған, өзгеге телміртпеген халық. Бала анасыз қалса да, ағайыннан ажырамаған. Ал қазір ше? Ата-анасы бола тұра, тірі жетім, яғни әлеуметтік жетімдер саны артып отыр. Біз өмір сүріп жатқан қоғамның тағы бір келбеті осындай болса, қайтпек керек?