Құмар ойынға құмартпа! «100 кеңес»
Жеңіл жолмен байлыққа жетудің, табыс табудың оңай түрі саналатын құмар ойындардың қоғамда түр-түрі бар. Адал еңбек етіп, бейнеттің берекесіне бөленудің орнына ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүріп қалта қампайтқысы келетіндердің саны күн санап артып келеді. Сөйтіп жүріп жиған-тергенінен, дүние мүлкінен, ең бастысы, абырой-беделінен, отбасынан айырылып жатқандар қаншама? Құмар ойынға жол ашатындар қалай құрықталып жатыр? Жастарды ата-анасының ақшасын құмар ойынға салуға не итермелейді? Мамандар не дейді? Анығын көрсетеміз.