Балабақшаға қабылдау тәртібі. «100 кеңес»
Кішкентайыңыз үшін өмірдегі маңызды қадамдардың бірі – бала-бақша табалдырығын алғаш аттаған сәті. Ал ата-аналар болса: «Баламды бақшаға қалай орналастырсам екен?» деп уайымдайды. Бұған дейін ата-аналар баласын бақшаға орналастыру үшін Білім басқармаларының есігін тоздырып, сағызша созылған кезекті сарыла күтетін. Енді жолдама берудің жолы автоматтандыру арқылы өзгерді.