«Ашық көрсетілім». «Талан» көркем фильмі
Ұлттық Трагедия. Фильмнің сценариі белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Қасқыр-адам» повесінің желісі бойынша жазылған. Режиссер Болат Қалымбетов фильм арқылы ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы ел тарихындағы ақсүйек жұт пен аштық, репрессияны өзінің қарапайым кейіпкерлерінің тағдыры арқылы көрерменге жеткізуге тырысқан. Талан «тағдыр» деген мағынаны береді, яғни 1930 жылдардағы елі мен жерін тастап, шалғайға бет бұруға мәжбүр болған қазақ халқының қиын тағдыры – киноның басты арқауы.